Shuttle

«Шындық немесе Өтірік» ойынын құру

  1. Өз профиліңізге кіріп, «Мұғалімнің панелі» батырмасын басыңыз.
  2. «Шындық немесе Өтірік» батырмасын басыңыз.
  3. «Жасау» батырмасын басыңыз.
  4. Ойынның атауын жазыңыз.
  5. Қажетіне қарай, ойынның аяқталу мерзімін, сондай-ақ, оны өту уақытын белгілей аласыз.
  6. Құрған ойыныңызға кіріп, «Сұрақты қосу» жазбасын басыңыз.
  7. Сұрақты жазып, шындық немесе өтірік екенін белгілеңіз, сондай-ақ, қалауыңызға қарай сұраққа сурет қоса аласыз.
  8. Ойынға қажетті сұрақтар санын қосыңыз. Ойын мұғалімнің панелінде автоматты түрде сақталады.
  9. Ойынды жариялау үшін зымыран белгісінен өтіп, төменгі сол жақ бұрышындағы үш нүктені басып, «Шындық немесе Өтірік» ойынын таңдаңыз.
  10. Жариялау керек болған ойынды таңдап, қағаз ұшақ белгісіне басыңыз.